«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өңірдегі балаларды сауықтыру орталықтары мен жазғы лагерьлерінде табиғатқа деген сүйіспеншілікті, шығармашылықты және танымға деген қызығушылықты ұштастырған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстағы «Синегорье», «Жігер», «Дарын» «Алау», Күршім ауданындағы «Балдәурен», Ұлан ауданындағы «Болашақ», «Царская долина», «Балақай» жазғы лагерлерде балаларға түрлі экологиялық және шығармашылық шаралар ұсынылды.
Бір жерде оқушылар Қазақстанның таңғажайып өсімдіктер әлемімен танысып, табиғи материалдардан түрлі композициялар жасаса, енді бір жерде «ЭкоКвиз», экологиялық ойындар мен танымдық бағдарламаларға қатысты.
Қатысушылар сурет салып, ЭКОколлаждар жасап, табиғи материалдардан бұйымдар құрастырып, тастарды бояп, қарапайым бүрлерден қиял-ғажайып кейіпкерлер жасады.
«Жігер» лагерінде Оқу-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған экологиялық квест қызықты өтті. Балалар тақырыптық алаңдарда гүл жасаумен айналысып, «Көбелек-қобдиша шеберлік сағатына, экологиялық ойындарға, шығармашылық шеберханаға және тасқа сурет салуға қатысты.
Ал «Алау» лагеріндегі «Экодесант» балаларды пайдалы іске біріктіріп, олар аумақты тазалау және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Ойынға, шығармашылыққа, жаңа жаңалықтарға және көтеріңкі көңіл-күйге толы мазмұнды да қызықты жазғы күндер ерекше әсермен өтті.
Ең бастысы – балалар экологиялық білім туралы жай ғана тыңдап қоймай, ойын, шығармашылық және бірлескен іс арқылы сезініп, тәжірибеден өткізді. Олар қарапайым дүниелердің өзінен әсемдік көре білуді үйреніп, Қазақстанның өсімдіктер әлемі туралы білімдерін толықтырды және табиғатқа қамқорлық әр адамнан басталатынын түсінді.
Пікірлер