A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:45 0

ШҚО-ның шетелге экспорт көлемі биыл 1,5 млрд АҚШ долларын құрады

Бүгін / Басты / ШҚО

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиын барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға артқан

- Экспорттың жартысынан астамын өңдеу деңгейі жоғары өнімдер құрайды. Бұл елдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар астық экспорты да айтарлықтай өскен. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері Марокко, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарығына шықты. Бұдан бөлек, Әзербайжан, Грузия және Түркияға экспорттық жеткізілімдер қайта жанданды,-

деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Майлы дақылдарды өңдеу саласы өнімдерінің экспорты да тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысында күнбағыс майының экспорты 41 пайызға ұлғайса, тазартылған күнбағыс майының экспорты 2,1 есеге артып отыр. 

Бұл бағыттағы жұмыстар Шығыс Қазақстанда да қарқынды жүргізілуде. ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында облыстың экспорт көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. 

Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі экспорттық бағыттары – Қытай, Түркия, Германия, Ресей және АҚШ. Бұл елдерге кен, кен және мырыш концентраттары, түсті, сирек және бағалы металдар мен олардың туындылары, бекіткіш арматура және конденсаторлар экспортталады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі экспорттық нарықтары – Орта Азия елдері, Қытай, Ресей және Латвия. Бұл бағыттарға күнбағыс және мақсары майы, бидай мен меслин, күнжара, арпа, күнбағыс тұқымы және мал азығы жеткізіледі.

Өңірдің негізгі экспорттаушылары қатарында «Казцинк», «ҮМЗ», «Өскемен титан-магний комбинаты», «УКЗПА», «УККЗ», «Сей-Нар», «Алтын Шығыс», «ВостокЭкоЛайн» компаниялары бар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив