Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья Литкен мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сөзінше, жыл басынан бері аймақтағы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері 4094 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
- 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін 1143 адам бастапқы тексеруден, ал 2410 тұрғын қайта тексеруден өтті. Сонымен қатар мамандар кәсіби қабілетінің жоғалту дәрежесін анықтау үшін 196 бағалау жүргізді. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жұмысы аясында 69 жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, оған 249 түзету енгізілді. 13 жағдайда мүгедектік себебін өзгерту мәселесі қарастырылды, - деді Наталья Литкен.
Анықталғандай, медициналық-әлеуметтік сараптама тек мүгедектік тобын анықтаумен шектелмейді. Мамандар тексерулердің, емдеудің және оңалтудың нәтижелерін ескере отырып, адамның дене функцияларының тұрақты бұзылуы мен өмірлік белсенділігінің шектелу дәрежесін бағалайды.
- Бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, мүгедектік тобы, себебі және ұзақтығы, жалпы немесе кәсіби еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі және оңалту шараларының қажеттілігі анықталады. Қашықтан алдын ала бағалауды әзірлеу маңызды бағыт болып қала береді. Тиісті тізімге енгізілген аурулар бойынша азаматтардың медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жеке баруының қажеті жоқ. Медициналық ұйым қажетті құжаттарды ақпараттық жүйеге жібереді, содан кейін олар экстерриториялық негізде сарапшыларға таратылады, - деді департамент өкілі.
Оның айтуынша, жүйенің негізгі мақсаты - мүгедектік мәртебесін ресми түрде анықтау емес, адамның жағдайын объективті бағалау және қажетті мемлекеттік қолдау, оңалту шараларын анықтау.
Пікірлер