Алқаптағы жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде 11 өрт шығып, 150 тоннадан астам шөп өртенді. Мамандардың сөзінше, бұған отты абайсыз пайдалану және өрт сөндіргішпен жабдықталмаған техниканы пайдалану себеп болды.
- Тексеру кезінде инспекторлар шаруашылық жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша кеңес беріп, өрт болған жағдайда не істеу керектігін және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін түсіндірді, - деді ШҚО ТЖД өкілдері.
Пікірлер