10-12 тамыз аралығында өңірде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 988 фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында көлік құралын масаң күйде басқарған 15 жүргізуші ұсталды. Тағы 11 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың 273 және қауіпсіздік белдігін тақпаудың 388 деергі белгілі болды.
Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың 30 қайта рөлге отыру фактісінің және мұндай құқықтан айырылған жүргізушілердің көлік басқаруының 5 фактісінің жолы кесілді. 75 көлік құралы, оның ішінде мотоцикл мен электрвелосипедтер арнайы тұраққа қойылды.
Пікірлер