A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:20 0

Өнеркәсіп, тұрғын үй және бизнесті қолдау: депутаттыққа кандидаттар ШҚО тұрғындарымен кездесті

Бүгін / ШҚО

Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңірлерге сапарын жалғастырып жатыр. Олар Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университетте Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға «Қазцинк» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өкілдері қатысты. Кездесуде өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ кәсіпорындар мен жұмысшыларды алаңдатып отырған мәселелер талқыланды. Оның ішінде, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы және медициналық көмектің қолжетімділігі тақырыптары көтерілді. 
Партия өкілдері өнеркәсіпті дамытумен қатар, инфрақұрылымды жаңғырту, қалалардағы жағдайды жақсарту керегін атап өтті.
Кандидаттар бизнесті қолдау мәселесін шағын және орта бизнес өкілдерімен және туризм саласындағы кәсіпкерлермен кездесуде талқылады. Штаб өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңір экономикасын дамыту жолдарын талқылады. 
Партия бағдарламасында өңдеу өнеркәсібі мен өндірісті Қазақстан экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін негізгі бағыттардың бірі ретінде дамыту көзделген. 
«Басты міндет – елімізде өндірілетін өнім көлемін арттырып, оның қосылған құнын көбейту, отандық бизнесті дамыту. Экономиканың шикізат экспорты мен дайын тауарлар импортына тәуелділілігін біртіндеп азайтуымыз керек», – деді олар.
Өнеркәсіпті дамыту үшін партия өндірісті жергілікті жерде дамытуды, ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімшарттарды қолдануды, жеңілдетілген қаржыландыру мен инвестициялық қолдауды кеңейтуді, сондай-ақ ірі және шағын бизнес арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуды ұсынады.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау көрсетілген кәсіпорындардың нәтижесін нақты көрсеткіштер арқылы бағалау ұсынылады. Атап айтқанда, өндіріс пен экспорт көлемі, тартылған инвестиция және құрылған жаңа жұмыс орындары ескерілуі тиіс. 
Дайындаған: 
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив