A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:25 0

Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салты: «Әділет» партиясы ШҚО тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін / ШҚО

Бұқаралық спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау, инклюзивті спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау - «Әділет» партиясы Республикалық сайлауалды штабы өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысының жұртымен кездесуіндегі негізгі тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Әділет» партиясының Республикалық сайлау штабы өңірлердегі жұмысын жалғастырып жатыр. 
Құрылтай депутаттығына кандидаттар Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығына барып, бұқаралық спортты дамыту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен айналысуына жағдай жасау және спортшыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасының фристайлдан (могул) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, фристайлдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аяулым Әмренова өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау негізгі мақсатқа айналған. 
Оның мәліметінше, ШҚО-да балалардың спортпен айналысу мүмкіндігін арттыру мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі таңда Damubala платформасы арқылы 17 спорт түрінен 231 секция тегін жұмыс істейді. Оларға 4,4 мыңнан астам бала қатысады. Сонымен қатар спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны жыл сайын артып келеді. 
Партия өкілдері өз кезегінде дене шынықтыру мен спортты дамыту ісін одан әрі жетілдіру үшін ірі қалалармен қатар, шағын елді мекендерде де тез салынатын модульдік спорт нысандарын салу жұмыстарын жандандыру қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ өңірлердегі негізгі спорт нысандарын жаңғыртып, жаңа спорт кешендерін салудың маңызына назар аударылды.
«Әділет» партиясы бұдан бөлек, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Саламатты шаңырақ» ұлттық науқанын іске қосуды ұсынады. Ал «Саламатты мектеп» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын нығайту көзделген. Бағдарлама оқушылардың денсаулығын тұрақты бақылауды, физикалық белсенділікті арттыруды және мектептерде дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды көздейді. 
«Әділетті болашақ үшін» бағдарламасында мектептерде ультраөңделген және денсаулыққа зиянды азық-түлік өнімдерін сатуды шектеу ұсынылады. Бұл балалардың мұндай өнімдерді тұтынуын азайтып, дұрыс тамақтану әдетін ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дайындаған: 
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив