A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

ШҚО-да шомылу маусымында қауіпсіздік күшейтілді

Бүгін / ШҚО

Өңірде шомылу маусымы басталғалы бері 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құтқарушылар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
ШҚО ТЖД мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы облыс аумағында 1700 алдын алу шарасы өтті. Құтқарушылар тұрғындар жиі демалатын орындармен қатар, шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларды да тұрақты патрульдеп жүр.
Олардың айтуынша, судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – қауіпсіздік талаптарын сақтамау, шомылуға тыйым салынған және қауіпті учаскелерді таңдау.
– Қауіпсіздік ережелерін бұзған 21 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырған азаматтар да бар. Мұндай жағдайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы аясында қаралады. Сондай-ақ 59 кеме жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Судағы қауіпсіздік тек шомылушыларға қатысты емес. Шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде де талаптарды сақтау маңызды, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ТЖД қызметкерлері кеме иелеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, нұсқаулықтар өткізуде. 
Айта кету керек, қауіпсіздік талаптарын бұзу демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив