Облыстық XXIV Халықтық спорт ойындарында өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрали Аралбек қазақ күресінен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
№6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, кіші сержант Нұрали Аралбек қазақ күресінен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын иеленді.
Спорттық додада жүлделі орынға ие болу үшін қатысушылар күшін, шеберлігін және төзімділігін сынады. Нұрали Аралбекұлы жарыста қарсыластарын жеңіп, өз салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетті.
ШҚО ТЖД ұжымы әріптесін жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табысқа жетуіне тілектестік білдірді.
Пікірлер