A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 18:20 0

ШҚО-да қарт адамдарға интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Құқықтық қамқорлық» тұрақты әлеуметтік акциясын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында қарт адамдарға қаржылық сауаттылықты арттыруға, қарқынды дамып жатқан цифрлық технологияларға бейімделіп, интернет-алаяқтардың құрбаны болмау қаупі туралы түсіндіме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылып, нақты мысалдар арқылы алаяқтықты қалай тануға және өз қаражатын жоғалтпауға болатыны түсіндірілді.

Қазіргі таңда алаяқтар телефон қоңырауларын, мессенджерлер мен әлеуметтікжелілерді белсенді пайдаланып, өздерін банк, құқық қорғау органдары және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретіндетаныстырады. Олар азаматтардың абдырап қалуына, сеніміне және туындаған жағдайды тез арада шешуге деген ұмтылысына сүйенеді.

Сондықтан «Құқықтық қамқорлық» акциясының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтарға қауіп туралы ескертіп қанақоймай, алаяқтық схемаларды ажырата білуді үйрету. Алаяқтықтың негізгі тәсілдерін білу және цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау жеке деректер мен қаражатты қылмыскерлерден қорғауға мүмкіндік береді.

Мамандар бөгде адамдарға банк карталарының деректерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды хабарламауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша қандай да бір қосымшаларды орнатпауға кеңес береді. Күдік туындаған жағдайда әңгімені тоқтатып, банкке немесе тиісті ұйымға ресми байланыс арналары арқылы өз бетінше хабарласу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив