A+ A A-

talgatzhan 65 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да 20,3 млрд теңгелік инвестициялық жобаға кедергі болған жер мәселесі шешілді

Бүгін / ШҚО

Ұлан ауданында құны 20,3 млрд теңге болатын инвестициялық жобаға қатысты жер мәселесіндегі әкімшілік кедергі жойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлан ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Ұлан» көлік-логистикалық орталығын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «DTJ Commerce» ЖШС-ның құқығын қорғады.

Жобаның жалпы құны – 20,3 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеу аясында прокуратура Қасым Қайсенов кентінде орналасқан көлемі 0,27 гектар жер учаскесін беруден жергілікті атқарушы органның бас тартуына байланысты мәселені қарады.

Прокуратураның бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен мамандардың қатысуымен комиссиялық зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде бұрын сұратылған жер учаскесін қолданыстағы шектеулерге байланысты беру мүмкін еместігі анықталды. Сонымен қатар, прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, нысанды орналастырудың баламалы нұсқасын әзірледі.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инвесторға жер заңнамасының талаптарына сәйкес келетін көлемі 0,18 гектар баламалы жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта қажетті құқық белгілейтін құжаттарды рәсімделіп жатыр.

Бұдан бөлек, прокуратураның ықпалымен инвесторға бұрын берілген жер учаскесін жалға алу мерзімі ұзартылды. Бұл инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер жойылып, инвестордың құқығы қорғалды және инвестициялық жобаны негізсіз кідіріссіз әрі қарай іске асыруға жағдай жасалды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив