A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да түрмеге торт арқылы телефон кіргізбекші болды

Бүгін / ШҚО

Облыс тұрғыны түрмеде отырған досының туған күніне тәтті сыйлық арқылы бірнеше затты кіргізбекші болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тінту кезінде қызметкер бәліштің ішінен қатты затты байқады. Ол ұялы телефон мен SIM-карта салынған пакет болып шықты. Әрі қарай тексеру кезінде тағы бір ұқсас қаптама табылды.
Осылайша, туған күн тортының желеуімен тыйым салынған байланыс құралдарын тасымалдау әрекетінің жолы кесілді.
Табылған заттар тәркіленді. Оқиғаның мән-жайын және тыйым салынған заттарды тасымалдау әрекетіне қатысқан адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив