A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 21:00 0

Өскеменге өзге өңірден келгендерден есірткі тәркіленді

Бүгін / ШҚО

«Қарасора-2026» жедел алдын алу шарасы барысында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Өскеменде психотроптық заттарды таратты деп күдікке ілінген топты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер психотроптық заттарды топ болып таратты деген күдікпен басқа өңірден келген екі азаматты ұстады.

- 33 жастағы әйелді жеке тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған төрт орама табылды. Оқиға болған жерді тексеру барысында сол жердегі сөмкеден тағы 29 осындай орама тәркіленді. 22 жастағы ер адамнан да ұқсас зат салынған бір орама анықталып, тәркіленді. Полиция қызметкерлері барлығы 34 орама тәркіледі. Сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат α-PVP психотроптық заты болып шықты. Жалпы салмағы 28,46 грамды құрады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив