20 қыркүйекте аймақтағы бес ауылдық округ әкімдері сайланады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайлау өткізу туралы шешімді Алтай, Самар, Катонқарағай және Ұлан аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары қабылдады.
Алтай ауданындағы Северный ауылдық округінде, Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылдық округінде және Самар ауданындағы Сарыбел ауылдық округінде сайлау өтеді.
Ал Ұлан ауданында Аблакет және Саратов ауылдық округтерінде жаңа әкімдер сайланады.
Пікірлер