A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да діни ахуал тұрақты

Бүгін / ШҚО

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ербол Ошақбаев конфессияаралық келісімді сақтау және діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, бүгінде облыста 11 конфессияға тиесілі 147 діни бірлестік тіркелген. Өңір аумағында 146 құлшылық орны бар.
- 2026 жылдың есепті кезеңінде ақпараттық-түсіндіру топтары 1 494 шара өткізіп, 31 068 адамды қамтыды. Жастар арасында ұйымдастырылған 637 кездесуге 15 777 азамат қатысты. Басты міндеттер қатарында халықтың діни сауатын арттыру, конфессия өкілдерімен байланысты күшейту және экстремизмнің алдын алу бар. Аймақтағы діни ахуал тұрақты, - деді ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ербол Ошақбаев.
Бұдан бөлек, облыста түрлі конфессия өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыратын жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс ресми кездесулермен шектелмей, қайырымдылық, экология, спорт және ағартушылық салаларын да қамтиды. Негізгі мақсат – діни бірлестіктер арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы өзара құрмет мәдениетін дамыту.
Осындай алаңдардың бірі – Діни бірлестіктер басшыларының клубы. Қазір оның құрамына облыстағы 15 діни бірлестіктің жетекшісі кіреді. Клуб аясында дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары, экологиялық сенбіліктер және спорттық шаралар өткізіледі.
Ал «Ашық есік күндері» түрлі конфессия өкілдерінің бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін жақынырақ тануына мүмкіндік береді. Қатысушылар діни ғимараттарды аралап, олардың тарихы мен қызметі туралы мағлұмат алады. Мамандар көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап беріп, әр діннің ерекшелігі жөнінде түсіндіреді.
- Ақпарат ағыны күшейген кезеңде интернеттегі діни мазмұнды дұрыс саралай білу ерекше маңызға ие. Осыған байланысты Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және тікелей эфирлерге қатысады. Орталықта осы сала бойынша 21 маман еңбек етеді. Діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттардың заң талаптарына сай таратылуы да тұрақты бақылауда. Облыста мұндай  20 арнайы стационарлық орын белгіленген, - деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив