A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да кене қаупі сейілген жоқ

Бүгін / ШҚО

Жәндіктердің күзгі белсенділік қарқыны онша байқалмаса да, сарапшылар қырағылықты жоғалтпауға кеңес береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, билығы эпидемиялық маусымда өңірде кене шағуымен 3887 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1146 бала бар. Ең көп жағдай Өскеменде (1837), ал ең азы Ұлан ауданында (11) тіркелген.
Сонымен қатар 2026 жылдан бері облыстың эндемиялық аймақтарында кене энцефалиті бойынша зертханалық расталған 14 жағдай және кене боррелиозының (Лайм ауруы) 10 жағдайы анықталды.
Энцефалит жағдайлары Өскемен, Риддер қаласы мен Алтай, Үлкен Нарын, Зайсан, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарында тіркелген. Кене боррелиозы Өскемен, Риддер қалаларында, Алтай, Зайсан аудандарында анықталды. Жұқтырғандардың арасында 10 және 16 жастағы жасөспірімдерде энцефалит расталды.
– Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене арқылы жұғатын инфекциялардың саны азайды, - деді департамент өкілдері. 
Департаменттің ақпаратынша, қауіпті жәндіктер жақын арада қайтадан белсенді бола бастайды.
– Жыл сайын кене белсенділігінің екінші толқыны тамыз айының соңында басталады. Күзгі толқын көктемгіге қарағанда онша қарқынды емес. Дегенмен сақ болу ұсынылады. Күзде шағу сирек болса да, қауіптілігі аз емес, - деді мамандар. 
Сарапшылар далаға шығатын әрбір адамға қорғаныс киімдері мен репелленттерді киюді, үнемі тексеріс жүргізуді ұсынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив