Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үш күн ішінде 183 рейд ұйымдастырылып, 128 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдердің қараусыз қалуының және олардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін өзге де жағдайлардың алдын алуға назар аударылды.
Профилактикалық жұмыстар барысында ішкі істер органдарына 101 кәмелетке толмаған жеткізілді. Қараусыз және қадағалаусыз қалған 8 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Барлығы 128 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу. Есірткі заттарын қолданудың алдын алуға және жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған 11 профилактикалық іс-шара өткізілді.
«Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы 20 тамызға дейін жалғасады.
Пікірлер