A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:25 0

ШҚО-да жаңа оқу жылына дайындалып жатыр

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен жаңа оқу жылына дайындық мәселесіне арналған Үкімет отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Премьер-министр 2026–2027 оқу жылына жан-жақты дайындық жүргізуді тапсырды. 

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстанда 538 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл 48 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 38-інде жұмыстар аяқталды. Қалған нысандарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр. 

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов білім беру ұйымдарының алдына 25 тамызға дейін барлық ағымдағы жұмысты аяқтау міндетін қойды. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың мектепке дайындығына ерекше назар аударып, оларға қажетті қолдау көрсету қажет.

Мектептерді жылумен қамтамасыз ету мәселесі де жеке бақылауда. Қала және аудан әкімдері әр мектептің жылыту маусымына дайындығын жеке тексеруі тиіс.

- Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары күнделікті бақылауда болуы тиіс. Жоспарланған барлық жұмыс сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив