Өңір тұрғыны үш ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін заңсыз аңдып, оған телефон арқылы қоңырау шалып, балағаттап және қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар жіберген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар ер адам әйелдің автокөлігіне зақым келтірген.
Сотта мемлекеттік айыптаушы оның сталкинг және мүлікті жоюмен қорқыту бойынша екі эпизодқа да кінәсін толық дәлелдеді.
Соттың заңды күшіне енген үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол абаттандыру және аумақтарды тазалау жұмыстарына жіберіледі.
Прокуратура жеке өмірге қол сұғу және осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Пікірлер