A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтуде

Бүгін / ШҚО

Облыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның алғашқы күнінде 392 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына қатысты — 86 жағдай. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша 79, тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға байланысты 74 жағдай тіркелді.

Жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Бір тәулік ішінде жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 53 жағдайы, көлікті мас күйінде басқарудың — 4, қарсы бағытқа шығудың — 3, көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқаруының 3 жағдайы анықталды.

24 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы 21 тамызға дейін жалғасады. 



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив