A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапкершілікке тартылды

Бүгін / ШҚО

Көші-қон қызметі шетел азаматтығын алғаннан кейін бұл туралы хабарламай, Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдалануды жалғастырған азаматтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл басынан бері 550-ден астам азаматтың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы тіркелген. Олардың басым бөлігі басқа мемлекеттердің азаматтығын алған. Сонымен қатар кейбір азаматтар елге кіру және Қазақстан аумағында тұру кезінде әлеуметтік, зейнетақы және өзге де мемлекеттік жеңілдіктерді сақтап қалу мақсатында қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастырған.

Азаматтық саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 26 азамат шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламаған, тағы 9 азамат Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін пайдалануды жалғастырған. 

- Облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы хабарламаған және Қазақстан Республикасының құжаттарымен жүре берген. Тексеру барысында әйелдің құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны тіркелді, - делінген полиция ақпаратында. 

ШҚО Полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді. Басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы көші-қон қызметіне уақытында хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив