A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:00 0

Зайсан жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін / ШҚО

Әлеуметтік желілердегі жарияланымға байланысты Тарбағатай ауданына қарасты  Байтоғас ауылының маңындағы Зайсан көлі жағалауының санитарлық жағдайына тексеру жүргізілді. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жазда Зайсан жағалауы өңір тұрғындары мен қонақтарының жаппай демалатын орындарының біріне айналады. Осыған байланысты аумақты абаттандырумен қатар, санитарлық талаптарды, экологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.

Профилактикалық шаралар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлер мен демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға аумақтың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды тиісті тәртіппен жинау және шығару, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамада көзделген шаралар қабылданды. 26 тұлғаға ескерту жасалып, тағы үш құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл түріндегі шара қолданылды.

Басты назар тек бақылауға емес, аумақта тәртіп орнату бойынша бірлескен жұмыстарға да аударылды. Кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен жағалау аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық қоқыс жиналып, қалдықтар шығарылып, жағалаудың жекелеген учаскелерін абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Зайсан көлі жағалау аумағының санитарлық жағдайына бақылау жұмыстары жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив