A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да орман өрті тіркелді

Бүгін / ШҚО

19 тамызда өңірде орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде жедел анықталған.
- Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері және қажетті арнайы техника тартылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толықтай сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Ведомство азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, отты абайлап пайдалануға және табиғи аумақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив