A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да 400-ге жуық стихиялық қоқыс орны жойылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында елдімекендер аумағын ретке келтіру бағытындағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері қоқыс жиналған орындарды анықтап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауда.
Бүгінде облыс аумағында 442 стихиялық қоқыс орны анықталып, оның 394-і жойылды. Ал жыл басынан бері тәртіп сақшылары қалдықтарды белгіленбеген жерлерге орналастырудың 140 фактісін анықтады.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін 388 ұсыну жолданды. Оның 362-сі бойынша тиісті шаралар қабылданып, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив