A+ A A-

talgatzhan 24 Бүгін, 16:30 0

Құрылтай-2026: ШҚО-да үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын

Бүгін / ШҚО

«Әділет» партиясының ШҚО сайлауалды штабы Күршім ауданында тұрғындармен және балықшылармен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқосуда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл инфрақұрылымы мен балық шаруашылығын дамыту мәселелері көтерілді. Штаб мүшелері партияның 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасындағы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты ұсыныстарды таныстырды. Құжатта ауылдағы бір миллион тұрғынның табысын арттыру және кәсіп бастайтын азаматтарға жылдық 2,5 пайызбен шағын несие беру көзделген.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның белсенділері сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда үгіт материалдарын таратты. Қала тұрғындарына саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылды. Ақпараттық парақшаларда кандидаттар мен партия ұсынған бастамалар туралы мәлімет берілген. Үгіт тобы сайлаушылармен пікір алмасып, қойылған сауалдарға жауап берді. Жұмыс барысында алдағы саяси науқанның маңызы түсіндіріліп, азаматтардың ұсыныстары назарға алынды.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Самар ауданының тұрғындарымен кездесті. Дөңгелек үстел барысында «Жасыл гидрант» жобасы таныстырылып, оның негізгі мақсаты мен бағыттары түсіндірілді. Қатысушылар бастаманы аудан аумағында жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Ашық пікір алмасу кезінде жергілікті тұрғындар өз ұсыныстарын жеткізіп, сауалдарын қойды. Партия мүшелері айтылған мәселелердің алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.

Қазақстан Халық партиясының ШҚО сайлауалды штабы Алтай ауданының Чапаев ауылдық округіндегі «Нивы Чапаево» ЖШС ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар таныстырылды. Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстар кеңінен түсіндірілді. Бұдан бөлек, округ тұрғындары мен кәсіпорын қызметкерлерін толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Штаб мүшелері қойылған сауалдарға жауап беріп, еңбек ұжымының пікірін тыңдады.

«Ауыл» партиясының үгіт тобы сауда орталықтары мен қоғамдық орындарға ақпараттық плакаттар орналастырды. Белсенділер азаматтарға сайлауалды бағдарлама жазылған парақшаларды үлестірді. Құжатта қамтылған негізгі бағыттар мен ұсыныстардың мазмұны қысқаша түсіндірілді. Тұрғындар кандидаттар туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Үгіт жұмысы сайлаушыларды алдағы саяси науқан жөнінде кеңінен хабардар етуге бағытталды.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшелері қаладағы сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда үгіт материалдарын таратты. Арнайы белгіленген аумақтарға ақпараттық плакаттар ілініп, сайлауалды бағдарламаның мазмұны таныстырылды. Белсенділер азаматтарға партия ұсынған бастамалар мен кандидаттар жөнінде мәлімет берді. Тікелей әңгіме кезінде тұрғындардың сауалдарына жауап қайтарылып, білдірген пікірлері тыңдалды. Ақпараттық жұмыс түрлі жастағы сайлаушыларды қамтыды.

«Respublica» партиясының өкілдері «Заречный», «Родничок», «Тамерлан», «Торговый рай» және «Универсам» сауда нысандарының ұжымдарымен кездесті. Еңбеккерлерге сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары таныстырылып, партияның негізгі ұсыныстары түсіндірілді. Ашық әңгіме барысында қызметкерлерді толғандырған әлеуметтік және экономикалық мәселелер қозғалды. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, күнделікті жұмысына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Айтылған пікірлер алдағы жұмыс барысында ескеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив