A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:05 0

ШҚО-да 3 орман өрті тіркелді

Бүгін / ШҚО

20 тамызда Қазақстанда үш орман өрті болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның екеуі Шығыс Қазақстанда, ал біреуі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында тіркелді.
Орман өрттерін «Қазақавиаорманқорғау» мамандары әуеден бақылау кезінде және Мемлекеттік орман шаруашылығы қызметінің өкілдері патрульдеу уақытында анықтады.
Өрттерді сөндіру үшін орман шаруашылығы және «Қазақавиаорманқорғау» қызметкерлері, арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қазір өртті шектеу, таралуын болдырмау және толығымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарға табиғи аймақтарға барған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау, отты абайлап пайдалану және оны жанып тұрған күйінде қалдырмау ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив