A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:40 0

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол жөнделуде

Бүгін / ШҚО

Өңірде «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» республикалық маңызы бар тасжолының 437–450 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жол көлік пен туризмді дамыту саласында маңызды рөл атқарады. Ол Катонқарағай ауданына, облыстың танымал туристік орындарының бірі – Рахман қайнарына баруға мүмкіндік береді.
Жұмыс аясында 11,8 шақырым жолға қара қиыршық тас негізі төселді, тағы 5 шақырым жерге беткі қабат төселді.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін жол қауіпсіз әрі көлікпен жүруге ыңғайлы болады, ал туристік орындарға жету жеңілдейді.
Жаңартылған жол учаскесі ішкі туризмді дамытуға, туристер санын арттыруға және өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив