A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 07:05 0

ШҚО-дағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылды

Бүгін / ШҚО

Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауы күні облыстағы барлық 534 сайлау учаскесі заңнама талаптарына сәйкес таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде дауыс беруге қатысу құқығына ие 485 873 сайлаушы тіркелген.

Барлық сайлау учаскесі дауыс беру процесін өткізу үшін қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, дауыс беру жәшіктері, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы және ақпараттық материалдар дайындалған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы бұрыштар жабдықталып, көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін трафареттер мен басқа да қажетті құралдар қарастырылған.

Дауыс беру бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына алдын ала жеткізіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күзетіне алынған.

Облыс аумағындағы дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Өңір тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатыса алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив