A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 07:10 0

ШҚО-дағы сайлау учаскелеріне алғашқы сайлаушылар келді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында таң сәріден бастап сайлау учаскелеріне алғашқы сайлаушылар келе бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Учаскелер ашылған алғашқы минуттардан-ақ өңір тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысу үшін дауыс беруге келді.

Бүгін облыстағы барлық 534 сайлау учаскесі сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Сайлаушыларға дауыс беруді ыңғайлы әрі қолжетімді өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

ШҚО Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 485 873 сайлаушы тіркелген.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Облыс тұрғындары күні бойы өз сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасай алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив