Шығыс Қазақстанда бүгінгі таң ел ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтардың таңдауымен басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Таң сәріден сайлау учаскелеріне жиналған алғашқы сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысып жатыр.
Учаскелер есігін ашқан сәттен-ақ тұрғындар үшін дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалды. Өңірдегі 534 сайлау учаскесінің барлығы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Ал алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталуда.
Бұл - күнтізбедегі кезекті күн емес, ел өміріндегі маңызды сәт. Өйткені әрбір дауыс - азаматтың өз таңдауын білдіруі, елдің ертеңіне деген сенімін танытуы. Бір сәтте жасалған таңдау - болашаққа бағытталған үлкен жауапкершіліктің көрінісі.
Шығыс Қазақстан тұрғындары өз таңдауын сағат 20:00-ге дейін жасай алады.
Пікірлер