Облыста сайлау күні тұрғындар үшін жайлы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп жатыр. Өңірдегі бірқатар сайлау учаскесінің маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңке сөрелерінен ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да күнделікті қажетті азық-түлік түрлерін кездестіруге болады. Өнімдер өндірушілер мен шаруашылықтардан тікелей ұсынылып, тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда.
Сонымен қатар жәрмеңке аумағында тұрғындар үшін арнайы фотозоналар ұйымдастырылды.
Осылайша, сайлау күні облыс тұрғындары азаматтық міндетін атқарып қана қоймай, жәрмеңкеден қажетті азық-түліктерін сатып алып, отбасымен бірге жақсы көңіл-күйде уақыт өткізе алады.
Пікірлер