A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 12:30 0

ШҚО-да ұлттық нақыштағы киіммен сайлау учаскесіне келді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстанда сайлау күні ұлттық құндылық пен азаматтық белсенділік үндестік тапты. Таң сәріден сайлау учаскелеріне ел болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар келіп, өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың арасында қазақтың ұлттық киімдерін киіп, сайлау учаскесіне арнайы келген әжелер де бар. Ақ жаулықты әжелердің жүріс-тұрысы мен жарасымды ұлттық киімі сайлау учаскесіне ерекше сән беріп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық нақыштағы киіммен келген тұрғындар осылайша елдік таңдауға қатысып қана қоймай, атадан балаға жалғасқан салт-дәстүрдің қадірін де көрсетті. Бұл көрініс - ұлттық болмыс пен азаматтық жауапкершіліктің жарасымды үйлесімі.

Бүгінгі сайлау - әр азаматтың ел ертеңіне деген көзқарасын білдіретін маңызды күн. Ал ұлттық киіммен келген әжелердің бейнесі осы айтулы күнге айрықша мән-мағына үстегендей.




Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив