A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 12:41 0

ШҚО-да 100 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

Бүгін / ШҚО

Шығысқазақстандықтар Құрылтай сайлауында жаппай белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Дауыс бергендердің арасында 100 жастағы тыл ардагері Роза Оберюхтина да бар. Ардагер өз таңдауын жасап, үйінен дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Роза Оберюхтина 1926 жылы14 тамызда Алтай өлкесінде еңбекші зиялылар отбасында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында, 1942 жылдың маусым айынан 1945 жылдың тамыз айына дейін тылда еңбек етіп, жеңіс үшін өз үлесін қосты.

Саналы ғұмырын еңбекке және ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер төрт перзент тәрбиелеп, бүгінде тоғыз немере мен алты шөберенің қызығын көріп отыр.

Жүз жасаған ардагер ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Ол ел болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтіп, жерлестерін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив