A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 12:45 0

ШҚО әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгін елде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Облыста дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Өңірдегі 534 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдап, азаматтардың өз таңдауын жасауына барлық жағдайды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге №1193 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол сайлаудың ел өміріндегі маңызына тоқталып, бұл күннің Қазақстанның дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

- Бүгін елімізде маңызды тарихи күн өтіп жатыр. Құрылтай депутаттарының сайлауы – жай ғана дауыс беру емес, елдің дамуы, азаматтық қоғамды нығайту және саяси мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл күн жаңа реформаларды жүзеге асыруға, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа парақ ашуға негіз болады. Бүгін менімен бірге әкем, жұбайым және жиенім дауыс беріп жатыр. Мен үшін балалардың кішкентай кезінен бастап елімізде не болып жатқанын, осындай маңызды саяси үдерістердің қалай өтетінін түсінуі маңызды. Олардың тарихи маңызы бар оқиғалардың куәсі болып, жастайынан жоғары азаматтық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастырғанын қалаймын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан тұрғындарының дәстүрлі түрде жоғары азаматтық жауапкершілік танытатынын атап өтіп, бұл күні де әр сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасайтынына сенім білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив