A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:35 0

ШҚО-да 1300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

18-21 тамыз аралығында облыс аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төрт күн бойы полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бақылауды күшейтіп, рейдтік іс-шаралар мен түрлі тексерулер жүргізді.
Нәтижесінде 1 319 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі.
Рейд барысында атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша 8 факті тіркеліп, тегіс ұңғылы қаруға арналған 105 патрон тәркіленді. Жалпы 5 тегіс ұңғылы, 3 ойық ұңғылы және 1 суық қару – пышақ алынды.
Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу және масаң күйде жүру фактілері бар. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша осындай 279 деректің жолы кесілді.
Тағы 269 азамат тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы бойынша 121 дерек тіркелді.
Төрт күн ішінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 229 фактісін, көлікті масаң күйде басқарудың 15 жағдайын, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 10 дерегін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруына қатысты 8 фактіні анықтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив