ШҚО Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес 2026 жылдың қаңтар айында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге беріп тұруды талап еткен. Бұл ретте ол қоқан-лоқы көрсетіп, психологиялық қысым жасаған.
Өз өмірі мен денсаулығына алаңдаған ер адам қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңға қайшы әрекеттер мұнымен тоқтамаған. Біраз уақыттан кейін күдікті қайтадан ақша талап еткен.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Пікірлер