A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:45 0

ШҚО-да семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жекпе-жек сарайында жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы спортшылардың сәтті өнер көрсетіп, жаңа спорттық жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді. 
Чемпионат 24-30 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген ең мықты жас семсерлесушілер қатысуда.
Спортшылар семсерлесудің үш түрі – семсер, қылыш және рапир бойынша бақ сынайды. Бағдарлама ерлер мен әйелдер арасындағы жеке және командалық сайыстарды қамтиды. 
Кеше ерлер арасында семсер бойынша жеке жарыстар өтті. Чемпионаттың алғашқы күнінің қорытындысы:
1-орын: Александр Федотов (Ақтөбе облысы)
2-орын: Нұржан Абжанов (Алматы)
3-орын: Нұрмұхамед Балтабай (Шымкент)
3-орын: Богдан Лукин (ШҚО) 
Ал бүгін әйелдер арасында семсерден жеке жарыстар, сәрсенбі күні ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сайыстар болады. Бейсенбі және жұма күндері спортшылар қылыштасудан, ал 29-30 тамыз аралығында рапирдан бақ сынайды.
Көрермен үшін кіру тегін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив