"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, елдің кей аймақтарында жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал. Ал бірқатар өңірде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
25-27 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.
26-27 тамыз күндері түнде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр соңы сулы қарға ұласуы ықтимал.
Пікірлер