A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:25 0

ШҚО-дағы қорықта аю адамға шабуыл жасады

Бүгін / ШҚО

Оқиға шілде айының соңында Риддер қаласы маңындағы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жақын орналасқан жергілікті демалыс базасының жанында болған. Аю омартада жұмыс істеп жүрген 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады. Зардап шегуші ауыр жарақат алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, аю кенеттен ер адамға тап берген. Жақын жерде болған екі ер адам оған жыртқыштан қорғануға көмектескен. Осыдан кейін аю оқиға орнынан қашып кеткен.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның басы, қолы мен аяғында көптеген жарақат, сондай-ақ қолы мен аяқ сүйегінің сынғанын анықтаған. Ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін травматология бөліміне ауыстырылды. 19 тамызда науқас ауруханадан шығарылып, қазір үйінде ем қабылдап жатыр.
- Оқиғадан кейін бірден біздің инспекторларымыз қаруларымен бірге оқиға орнына барды. Аю атып өлтірілді, қазір ол жерде қауіп жоқ. Аюдың адамға шабуыл жасауына нақты не себеп болғанын айта алмаймын, – деді орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағының басшысының орынбасары Сергей Карманников.
Оның айтуынша, биыл облыста аюлардың адамдарға жақын жерлерге шығу жағдайлары жиілеген. Мамандар мұны, соның ішінде, үсік пен құрғақшылық салдарынан жидек пен самырсын жаңғағының өнімділігі төмендеуімен байланыстырады. Азық іздеген жабайы жануарлар қоқыс орындарына, қараусыз қалған саяжайлар мен бақшаларға жақындауы мүмкін.
Карманниковтің айтуынша, бұл – оның осы саладағы жұмысы кезінде өңірде аюдың адамға шабуыл жасағаны туралы белгілі болған алғашқы жағдай.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив