A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:15 0

«Әділет» партиясының жастары «Таза Қазақстан» жобасы аясында ақпараттық материалдарды жинауда

Бүгін / ШҚО

«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Әділет» партиясының жастары өңірдегі ақпараттық материалдарды жинау және қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Үгіт-насихат кезеңінің аяқталуына байланысты облыс бойынша ақпараттық материалдар орналастырылған рұқсат етілген стендтер мен тумбалардағы плакаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс аумағында ақпараттық материалдарды орналастыруға арналған 467 рұқсат етілген стенд пен тумба бар.
Жастар белсенділері аталған орындарды аралап, орналастырылған плакаттарды алып, аумақтың жинақы әрі таза болуына атсалысуда. Бұл жұмыстар тек ақпараттық материалдарды жинаумен шектелмей, қоғамдық орындардың көркін сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» - тазалықты сақтаумен қатар, әр азаматтың өз ортасына деген жауапкершілігін арттыруға үндейтін маңызды бастама. Қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін сақтау - баршамызға ортақ міндет.
«Әділет» партиясының жастары қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, туған өлкенің таза, көрікті және жайлы болуына өз үлесін қосуды жалғастыра береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив