A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да жылу электр орталықтары 88,2%-ға дайын

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Самат Даиров мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, жылыту маусымына дайындық аясында 3 жылу электр орталығы, 33 орталықтандырылған және 212 дербес қазандық бойынша дайындық жұмыстарын жүргізудің егжей-тегжейлі жоспары әзірленген.
- 25 тамыздағы жағдай бойынша облыстағы жылу электр орталықтарының дайындығы 88,2%-ға жетті. Оның ішінде қазандықтардың дайындығы – 94,9%, турбоагрегаттардікі – 81,5%. Өскемен ЖЭО-ның дайындығы 86,2%-ды құраса, қазандықтар 81,4%-ға, турбоагрегаттар 91%-ға дайын. Согра ЖЭО-ның жалпы дайындығы – 90%. Мұнда қазандықтар 92,8%-ға, турбоагрегаттар 87,2%-ға дайындалған. Ал Риддер ЖЭО-ның дайындық деңгейі 88,4%-ды құрайды. Оның ішінде қазандықтар – 90,3%-ға, турбоагрегаттар – 86,5%-ға дайын, - деді Самат Даиров.
Белгілі болғандай, жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 737 шақырым электр желісінің 670 шақырымында, 49 қосалқы станцияның 43-інде және 91 трансформаторлық қосалқы станцияның 77-сінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар 212 дербес қазандықтың барлығы жылыту маусымына толық дайын. 
- Тұрғын үйлердің дайындығы 95%-ды құрайды. Оның ішінде жоспарланған 3 047 тұрғын үйдің 2 733-і дайын. Бюджеттік ұйымдардың жылыту маусымына дайындығы 100%-ға жетті. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау нысандары толық дайын. Сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша жоспарланған 20,3 шақырым жөндеу жұмысының барлығы аяқталды, - деді Самат Қайырбекұлы.
Басқарма өкілінің мәліметінше, облыста жоспарланған 44,7 шақырым жылу желісінің 90%-ында жөндеу жұмыстары мәресіне жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив