ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Самат Даировтың айтуынша, коммуналдық-тұрмыстық секторға қарастырылған көмірдің 451,2 мың тоннасы халыққа, 38,3 мың тоннасы бюджеттік ұйымдарға беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде облыс халқы мен жылу көздеріне көмір жеткізу «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
- Қазір облыстың жылу көздеріне 467,7 мың тонна, халыққа 270,9 мың тонна, ал бюджеттік ұйымдарға 38,3 мың тонна көмір жеткізілді. Өңірде көмірді өткізумен 18 оператор айналысады. Облыс аумағындағы көмір тұйықтарында 13,2 мың тонна көмір қоры бар, - деді Самат Даиров.
Оның сөзінше, қоймалардағы көмір көлемі елдімекендер бойынша әртүрлі. Мәселен, Өскемен қаласында – 7 950 тонна, Алтай ауданында – 940 тонна, Глубокое ауданында – 70 тонна, Шемонаиха ауданында – 1 150 тонна көмір бар. Ал Риддердегі көмір тұйықтарында көмір жоқ.
Көмір жеткізу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
Пікірлер