Көші-қон қызметінің өкілдері шетелдік азаматтардың болу ережелері мен қабылдаушы тараптардың талаптарын сақтауына жүйелі түрде бақылау жасайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру жұмыстары барысында келу мерзімін бұзу, тиісті құжаттарсыз заңсыз еңбек қызметімен айналысу, қабылдаушы тараптың міндеттерін орындамау деректері анықталады. Бұл бағытта рейдтер ұйымдастырылып, ақпараттық жүйе мүмкіндіктері қолданылады және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатылған.
Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 709 шетел азаматы мен 648 Қазақстан Республикасынын азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шекаралас аудандарда 64 шетелдік пен елдің 95 азаматы тарапынан заңбұзушылықтар тіркелді.
Пікірлер