A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:20 0

ШҚО-дан кімдер Құрылтай депутаты атанды?

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгін партиялар Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламентіне кіретін депутаттарды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құрылтайдағы 145 депутаттық орын бес партия арасында бөлінді. Атап айтқанда, «Әділет» партиясына - 110, «Ауыл» партиясына - 10, Respublica партиясына - 9, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партияларының әрқайсысына 8 орыннан берілді.
Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де бар.
«Әділет» партиясынан:
– Ербол Нұрғалиев — ШҚО әкімінің орынбасары;
– Аяужан Әшімова — ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
– Динара Закиева — ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі;
– Ерлан Саиров — VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты;
– Әсел Баденова — «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының көшбасшысы.

«Ауыл» партиясынан:
– Ажар Қажыбекова — ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
Айта кетейік, депутаттық қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтері бос қалмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив