A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 16:15 0

ШҚО-да 961 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Өскеменде «Monotel» және Риддерде «Ridder Inn» қонақ үй кешендері салынды. 

- Экологиялық туризм саласында 124 млрд теңгенің жобалар пулы қалыптастырылды. Катонқарағай мен Зайсан әуежайларының құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда, - деді аймақ басшысы. 

Ал жергілікті маңызы бар 300 шақырым жол мен көшені жөндеуге және күтіп-ұстауға 25,5 млрд теңге көзделген. 

Облыс орталығында Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы көлік айрығының құрылысын аяқтау жоспарланып, Ертіс өзені арқылы жаңа көпір салу көзделген.

- Облыста 961 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 408 мың шаршы метр пайдалануға беру жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін 701 пәтер, оның ішінде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 401 пәтер сатып алу жоспарланған. 1 302 пәтерлік 21 кредиттік тұрғын үй салынуда, оның ішінде 4 үй (164 пәтер) пайдалануға берілді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету бойынша 7 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру бойынша 18 жоба іске асырылуда. Жыл қорытындысы бойынша 309 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда.

- Жылумен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін «Шығыс Жылу» АҚ-ның № 2 қазандығын кеңейту, құны 140 млрд теңге болатын Өскемен жылу электр орталығының жаңа энергия блогын салу және жаңа ЖЭО-3 құрылысына дайындық жұмыстары басталды, - деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ облыс халқының 98,6%-ы тұратын 349 елдімекеннің 291-і интернетке қосылды.

Экологиялық жағдай да бақылауда. Соңғы 5 жылда Өскемендегі стационарлық көздерден шығарындылар 3%-ға немесе 1,6 мың тоннаға төмендеді. Ауаның сапасы 10 бекетте бақыланып, 25 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды. Сонымен қатар заманауи талдамалық жабдықпен жарақтандырылған мобильді зертхана сатып алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив