Облыстық мәслихаттың ХХХ сессиясында белгілі болғандай, өңірдегі 168 мың жастың 128 мыңы - экономикалық белсенді жастар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Жасыл ел» жобасы бойынша 1,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал NEET санатындағы жастардың үлесі 4,3%-ды құрайды.
Бүгінде облыста офтейк-келісімшарттар бойынша 200 орындық 2 мектеп салынды. 350 орындық 4 мектептің және «Казцинк» қаражаты есебінен Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
37 колледжде 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр, олардың 85%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. 448 кәсіпорынның қатысуымен 6 мыңға жуық студент дуальды жүйе бойынша білім алуда. Нысаналы мемлекеттік тапсырыс түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 89%-ға жетті, жыл соңына дейін оны 90%-ға жеткізу жоспарлануда.
Ал денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығын азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір облыс бойынша 102 маман қажет. оның ішінде ауылдарда 25 дәрігер жоқ. Резидентурада 55 маман білім алуда, 29 медицина қызметкері шетелде оқудан өтті.
Бұдан бөлек, Зайсан, Тарбағатай және Самар аудандарында спорт нысандары салынды. Үлкен Нарын, Марқакөл, Бозанбай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Өскемен және Риддер қалаларында ірі нысандардың құрылысы жалғасуда.
Пікірлер