Бұл туралы ақпаратпен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір іске асырылып жатқан облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы сын-қатерлерге жүйелі жауап болмақ.
- Ол өсудің екі тірек аймағын – Өскемен қаласын макроөңірдің орталығы ретінде және Зайсан қаласын шекара маңындағы логистикалық торап ретінде қалыптастыруды көздейді. 2030 жылға қарай жалпы өңірлік өнім көлемін 10 трлн теңгеге дейін екі есеге ұлғайту, шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту, бюджетке түсетін меншікті кірістердің жыл сайынғы өсімін 18-20% деңгейінде қамтамасыз ету, көші-қон ағынын азайту және халықтың облыста тұрақтап қалуы үшін жағдай жасау жоспарлануда.
Қойылған міндеттерді орындау үшін бізде қажетті ресурстардың барлығы бар, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер