A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:30 0

ШҚО әкімі балабақша салу үшін инвесторларды тартуды тапсырды

Бүгін / ШҚО

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында 2026-2027 оқу жылына дайындық барысы талқыланды. ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, аймақта жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аяқталды. 
- Білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайын. Биыл 1 млрд теңгеге құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылған. Жалпы 48 білім беру мекемесінде жұмыстар жүргізіліп, 49 жобаны іске асыру жоспарланған, - деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, биыл педагогтерді аттестаттау жүйесіне ерекше назар аударылуда.
- Жаңа модель бойынша ұстаздарды аттестаттау кезінде олардың білімін бағалауға басымдық берілмейді. Оның орнына педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушыларының нәтижелері ескеріледі. Бұған дейін 12 критерий қарастырылып, барлығы орындалмаған жағдайда педагог келесі кезеңге өте алмайтын. Енді бұл талаптар алынып тасталды, – деді Қуат Оқасов.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін республикалық бюджеттен 3 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланған. Қазір 2 мыңға жуық ұстаз тиісті курстардан өтті.
Әкімдік отырысының барысында облыс әкімі білім беру саласына қатысты бірқатар міндетті атап өтті.
- Облыстық білім басқармасы Өскемен қаласы және Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындар ашу және жеке балабақшалар салуға инвесторлар тарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін білім алушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау керек, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сонымен қатар ол білім және цифрландыру басқармаларына жасанды интеллектіні дамыту және қолдану жөніндегі жол картасының іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив