Алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азамат мекеме аумағынан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, таңертең жұмысқа кеткеннен кейін №24 ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне қайта оралмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның қашқаны анықталған сәттен бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері іздестіру шараларын ұйымдастырып, бес сағат ішінде қозғалыс бағытын анықтады.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, сотталған азаматты басқа өңірде ұстады.
— Қызметкерлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында оның қозғалыс бағыты қысқа уақыт ішінде анықталып, сотталған азамат ұсталды, — деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Қазір жазасын өтеуден жалтару дерегі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Пікірлер