Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында фототұзаққа қоңыр аю түсіп қалды. Қорық аумағында орнатылған камера жабайы аңның адам жоқ кездегі тіршілігін таспаға түсірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Жабайы жануарлар адамды байқаған сәтте көбіне бой тасалап үлгереді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін фототұзақтар оларды мазаламай, табиғи ортадағы әрекетін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл жолы камера объективіне орманның ірі тұрғыны — қоңыр аю іліккен.
- Мұндай кадрлар қорық мамандарына жануарлардың тіршілігін бақылап, олардың мекен ету ортасы туралы мәлімет жинауға көмектеседі, - делінген хабарламада.
Пікірлер